Томатис терапия дегеніміз не?
Томатис әдісі оның авторы француз ғалымы отоларинголог Альфред Томатистің құрметіне аталған. Бұл әдіс әлемде 60 жылдан астам қолданылып келеді.


Бұл 75-тен астам елде тиімділігі дәлелденген бірегей дәрілік емес терапия. 2000-нан астам орталық оны адамдарға көмектесу үшін пайдаланады. Бұл әдіс көбінесе «миға арналған музыка» деп аталады.
Томатис терапиясының негізгі принципі - өңделген дыбыс жиіліктерінің адамның сыртқы, ортаңғы және ішкі құлағында орналасқан аймақтарға әсері. Бұл аймақтар есту, сөйлеуді қабылдау және жаңғырту, мінез-құлық, есте сақтау және назар аудару, координация мен дене мүсіні, эмоциялар сияқты тағыда басқа маңызды функцияларға жауап береді.